12 Сәу 2022
Страницы ГККП «Дошкольная организация «Болашақ» ГУ «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»

Ата-аналарға

                                        Ата-аналарға арналған коучинг-сессия

І

Сабақтың тақырыбы

«Бақытыңды балаңнан ізде»

 

Жалпы мақсаты

Ата-анамен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесіндегі алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата- ана екенін түсіндіру

ІІ

Оқу  нәтижелері

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің  мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата- ана екенін түсінеді, бір-біріне деген сезім нығайады.

 

Негізгі идеялар

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы

ІІІ

Жаттығулар

Ойқозғау.Күріш туралы аңыз әңгімені айтып беру. Тәжірибе арқылы көрсету.

І тренинг. «Біз баламызды танимыз ба?»

Ата -аналар дөңгелене тұрады

Ата-ана жылдам жауап беріп келесі ата-анаға береді.

1.Балаңыздың туған күні қашан?

2.Тәрбиешісінің аты кім?

3. Балаңыздың көршісі кім?

4.Балаңыз балабақшаға қай жылы келді?

5.Балаңыздың сүйікті асы не?

6.Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

9.Балаңызды еркелеткенде қандай сөз айтасыз?

10.Балаңыз сізді ренжіткенде қандай сөз аузыңызға бірінші келеді?

Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.

 

ІІ топқа бөлу

«Ана туралы жыр» , «Сәби болғым келеді», «Ұстаздар» тобы

 

 

ІІІ «Қалам үстелдің үстінде» әдісі

Проблемалық сұрақтарды талдау

1.      Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2.      Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің немесе балабақшаның тәрбиесі басым ба?

3.      Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

Ұсынылған проблемалық сұрақтар бойынша қаламды ұстап тұрып өз ойлары мен жауаптарын ұсыну

 

Рефлексия

ІV «Болжам» әдісі Мәтінмен жұмыс

Енді мына аңызға құлақ түрелік.

Бір ананың жалғыз ұлы бар еді. Ол жалғыз перзентінің бақыты үшін күні-түні бәйек болып, оның бір рет те қабақ шытып мұңаймауы үшін оған қарсы  дауысын сәл-пәл көтеріп те сөйлемейтін еді. Өсиет айтса да, бір нәрсеге жұмсаса да «Қарағым», «Шырағым» дегеннен басқа қатты сөзі жоқ еді. Ол балам білім, тәлім алып, қатарларының алды болса екен деген мақсатпен бар тапқанын сатып , қаражат қылып оны бөтен  елге оқуға жібереді.

Бала қандай болып өседі деп ойлайсыздар?

Баласы 7 жыл оқып келеді.Анасы баяғысынша оның ішіп жеуіне , киіміне бар тапқанын жұмсайды. Бірақ баласына оның еш әрекеті ұнамайды. Анасы алдына тамақ қойған сайын «олай емес бұлай, немесе бұлай емес олай» деп жанжал шығарып отырады. Анасы бір нәрсе десе жұдырық көрсететін әдет шығарады.

Бұдан әрі не болуы мүмкін?

Бұған әрі бері шыдап  баққан анасы баласын қасына шақырып өсиет айтпақшы болады.

Ал баласы болса мен сенен емес, сен менен өсиет тыңдауың керек деп түйіп түйіп шығып кетеді.

Бұдан әрі не болуы мүмкін?

Содан ол ауыл маңындағы тоғайдың ішіне барып , бір түп тораңғының астына кіріп жатқан кезде әлдеқайдан жалғыз бөлтірігін ертіп келе жатқан қорқауды көзі шалады да, еріккенен оның өызыөтарын тамашалай бастайды. Қорқау бір түп жыңғылдың тасасына тоқтап , бұтаққа қонып отырған аңқау шымшықты қағып ұстап алады да, жүнін жұлып-жұлып бөлтірігіне береді. Өзі аш қалған ене қорқау тек мұрнын жалап, бөлтірігінің тойғанына мәз болып күн көзіне жатады. Бөлтірік тойып алған соң күн көзіне секіріп ойнап енесін тістелей бастайды.

Бұдан әрі не болуы мүмкін?

Жігіттің ызасы келеді. Кішкентай шымшықты өзінің тамағынан жырып тойдырған анасын неге талайды, оңбаған! Деп оны ұрмақ болып орнынан тұрған кезде , қолына құмыра ұстаған өз анасына көзі түседі.

Анасы жалғыз перзентінің тамақ ішпи ашумен шығып кетіп аш қалатынына дәті шыдамай соңынан тамақ әкеле жатыр екен.

Бұдан әрі не болуы мүмкін?

Баласы қатесін енді түсініп , тезірек кешірім сұрау үшін алдынан жүгіреді. Ал анасы болса баламнынң ашуы әлі тарқамаған екен деп және ұрмақшы екен деп артына жалтақ-жалтақ қарап бара жатқанда ескі құдыққа құлап өледі.

1.      Ата-аналар бұл жағдайда не айтасыздар?

2.      Қате кімнен кетті деп ойлайсыздар?

3.      Осындай баладан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?

 

 

Дереккөздер

«Менің балам-өмір ағашында» сұлбасын түсіндіру

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.

 

Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата-ананың сөзі заң

11. Ата-ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет

20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

 

Ата-аналар орындайды

 

 

Келесі кезекте «Ақ және қара жәшік» ойыны ойнатылады

«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...»  Бойыңыздағы жақсы жағымды қасиетті балаға бергісі келетін ақ жәшікке, жаман қасиеттерді қара жәшікке салады.

 

Қорытынды сөз

 Құрметті ата аналар! Бүгінгі өткізілген коучинг сессиядан алған қорытындымыз

Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балаларыңыздың өздеріңізге  бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы , ата аналар сіздерге байланысты

Бала отбасында жақсы үлгі өнегемен , саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса ,ер жеткенде сіздерді үнемі қуантып , абыройларыңызды асқақтатары хақ. Сондықтан да өмірдің осындай кезеңдерінде балаларымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық дей отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле өлгенше соны таныр қиядан

Өнер-білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы – жаман болса бала солардан» деген Жүсіп Баласұғынның сөзімен коучингты аяқтаймын.

 

 

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата - анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды.— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыры мүмкін емес.Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

 

  1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
  2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің немесе балабақшаның тәрбиесі басым ба?
  3. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  

  1. Ата-аналар бұл жағдайда не айтасыздар?
  2. Қате кімнен кетті деп ойлайсыздар?
  3. Осындай баладан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?

 

  1. Мықты денсаулық
  2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
  3. Ауызбіршілік
  4. Ортақ қызығушылық
  5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
  6. Қамқорлық
  7. Тәртіп
  8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
  9. Сенімділік
  10. Ата-ананың сөзі заң
  11. Ата-ана отбасының үлгісі
  12. Әлеуметтік жағдай
  13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
  14. Махаббат
  15. Мейірімділік
  16. Шынайылық
  17. Сырт көзге үлгі болу
  18. Береке
  19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
  20. Көп бала

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.