Ертегі желісі бойынша сюжетті-бейнелі ойындар
Орман.Әр ағаштың түбінде бір-бір аңнан отырады.Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді,аңдармен амандасады да әндетіп кетіп қалады.
Қасқыр Түлкі Аю Қоян Кірпі Тиін Айболит
Аю:Түлкі бүгін көңілді ғой.
Қасқыр:Оның себебі бар шығар.
Қоян:Сендер білмейсіңдер ме.Бүгін түлкінің туған күні.
Аю:Ендеше неғып тұрмыз,түлкіні барып құттықтайық.
Қоян:Бос барғанымыз жарамас,дүкенге барып сыйлық алайық.(бәрі дүкенге келеді) Хормен:Сәлеметсіз бе, тиін!
Тиін:Сәлеметсіңдер ме!Бәрің жиналып қайда барасыңдар.
Қоян:Түлкінің туған күніне.
Қасқыр:Айтыңызшы,түлкіге не сыйласақ екен.
Тиін:Биыл мешін жылы ғой,түлкіге мешін ойыншығын сыйлаңдар.
Аю:Бұл да дұрыс екен,бұл ойыншығыңыз қанша тұрады.
Тиін:Жүз теңге.
Қасқыр:Тиін сізде бізбен бірге жүріңіз.
Тиін:Жарайды,менде түлкіні құттықтап келейін.(бәрі дүкеннен шығады.)
Қоян:Енді шаштаразға барып,шашымызды сәндейік.
Хормен:Сәлеметсіз бе кірпі!
Кірпі:Сәлеметсіздер ме!Бәрің жиналып қайда барасыңдар.
Қоян:Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.
Аю:Біздің шашымызды сәндеп бересіз бе.
Кірпі:Жақсы бір-бірлеп отыра қойыңдар.(шаштарын сәндейді.)
Аю:Рахмет кірпі,сіз де бізбен бірге жүріңіз.
Кірпі:жақсы барсам барайын (Заттарын жинастырады.)Бәрі бірге жолға шығады.Жолда абайсызда қоян аяғын ауыртып алады.
Қоян:Аяғым-аяғым.
Аңдар:Не болды,қоян.
Қоян:Аяғымды ауыртып алдым,баса алар емеспін.
Аю:Онда сені айболитке апарайық.(Аю қоянды көтеріп Айболитке келедіү) Аңдар:Сәлеметсіз бе,Айболит ата!
Айболит:Сәлеметсіздер ме!Қоян саған не болды.
Қасқыр:Айболит ата,бүгін түлкінің туған күні еді,бәріміз соған бара жатыр едік,жолда қоян аяғын ауыртып алды,қарап жібересіз бе.
Айболит:Қане,қоян,аяғыңды көрсете ғой.(Аяғынұстап көреді) .Ештеңе етпейді,аяғыңды қазір байлап беремін.
Қоян:Рахмет,Айболит ата,сіз де бізбен бірге жүріңіз.
Айболит:Жарайды,барсам барайын.(Бәрі түлкінің үйіне келеді).Алдарынан түлкі шығады.
Түлкі:Сәлеметсіңдер ме,достарым!
Аңдар:Сәлеметсің бе түлкі!Туған күнің құтты болсын!
Аю:Қымбатты Түлкі,мынау біздің сыйлығымыз,қабыл алыңыз.
Түлкі:Рахмет достарым,үйге кіріп,менің дайындаған тамағымнан дәм татыңдар.(бәрі столға жайғасады,столдың үстінде сәбіз,алма,жаңғақ тұрады.Аңдар тағамнан алып жейді.)
Қоян:Түлкінің туған күніне арнап тілегімізді білдірейік.
Аю:Мен түлкінің туған күніне арнап тақпақ айтып берейін:
Алып батыр балпаңмын,Ақ ниетті дарханмын.
Барлық аңға тимеймін,балпаң-балпаң билеймін.
Қасқыр:Аю сені қолдаймын,Арам ниет болмаймын.
Барлық аңдар достасып,Туған күнде бас қостық.
Тиін:Мен тиінмін,тиінмін,Қыста жылы киімім,
Көк майсаға аунаймын,Түлкіден бір аумаймын.
Қоян:Мен қоянмын,қоянмын,Сәбіз жеуді қоймадым.
Түлкінің туған күніне,Тәтті сәбіз сыйладым!
Бәрі түлкімен бірге өлең айтып,ойындар ойнап үйлеріне көңілді қайтады.
«Еңбекқор құмырсқа» ертегісі қойылымы.
Мақсаты:Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалай білу қабілетін қалыптастыру.Қызығушылықтарын арттыру,ертегіні сахналай білуге баулу.
Тәрбиеші:
-Тыңда балам ертегі,ертегі сыр шертеді,ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Айша деген қыз болыпты.Айша үйінің терезесінен далаға қараса күннің шуағы төгіліп тұр екен.Ойнауға далаға шықса,кенеттен бір дыбысты естиді.Ол қандай дыбыс.
Ешкі- (Шәміл)Мәәә-Мәәә!Мен ешкі боламын.Маған тигендерді мүйізіммен сүзіп аламын.Сондықтан маған ешкім тиісе алмайды.Кім күшті десе, «Мен күштімін» деймін.
Қоян-(Айзере)Ей,ешкі,сен мақтана берме.Мен де ешкімнен қорықпаймын.Себебі,менің екі ұзын құлағым бар.Ұзын құлағымның арқасында бәрін естіп қоямын.Маған ешкім тиісе алмайды,тиіссе өткір тісіммен тістеп аламын.Менің жүгіргеніме ешкім ілесе алмайды.
Түлкі-(Мерей)Мен түлкімін.Мен де ешкімнен қорықпаймын.Мен барлығын ұзын тұмсығым арқылы сеземін,ал құйрығым арқылы артымнан із қалдырмаймын.Себебі,мен қу түлкімін.
Аю-(Нұртілек) Әй,сендер не деп тұрсыңдар.Секеңдеген ешкі,қорқақ қоян,қу түлкі,қане,айтыңдаршы,кімнің маған шамасы келеді.
Осы кезде барлығы басын салбыратып,үн-түнсіз қалады.Сол кезде арқасында дәні бар құмырсқа кетіп бара жатады.
Қуыршақ:Қане бәрің бастарыңды көтеріңдер,мына құмырсқаны қараңдар,өзі кішкентай болып еңбектеніп жатыр,босқа уақыт өткізбейді.
Ертегі аяқталып,рөлдерде ойнаған балалар марапатталады.
Педагог балаларды ортаға шығарады,әрбір кейіпкердің өздері туралы тақпақтарын айтады.(өздерінің ойнаған ролдері бойынша сергіту жаттығуларын жасату.)
Қоян:Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді,
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Аю: Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Ешкі:Тауға шықтым,
Ешкі бақтым.
Олай шаптым,
Бұлай шаптым,
Ешкі бақтым,
Қызық таптым.
Балалар бәрі бірге қосылып қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.
Педагог балалардың сабаққа қатысуын жеке-жеке мадақтап,ынталандыру сыйлығын береді.
Шұбар тауық
Автор:Ерте,ерте ,ертеде бір деревняда шал мен кемпір өмір сүріпті.Олардың бір шұбар тауығы бар екен.Екеуі мұң – қайғысыз тұрып жатыпты,бірақ бірде олардың тауығы жұмыртқа салыпты.Жай жұмыртқа емес,алтын жұмыртқа тауыпты.Олар жұмыртқаны жармақшы болады.
Шал:балғамен жұмыртқаны ұрады кеп,ұрады кеп,жара алмайды.
Кемпір:оқтауымен ұрып-ұрып жара алмайды.(оқтауы екі бөлініп қалады да):
«Енді қамырды немен илеймін?» - деп зар еңірепті.
Олар:жұмыртқаны үстел үстіне қоя салады.
Тышқан:осы кезде үстелдің үстіне шығады да,құйрығын бұлғаңдатып,жұмыртқаны қағып кетеді – жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады.
Шал мен кемпір: жылап жібереді,олар көз жастарын төгіп тұра береді.
Тауық:қыт-қыттап: «Ата,әже жыламаңыздар.Мен сіздерге алтын емес,қарапайым жұмыртқа тауып беремін» - деп жұбатыпты.
Шал-Нұртілек
Кемпір-Перизат
Тауық-Іңкар
Тышқан- Шәміл
Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты:Ертегілер туралы түсініктерін кеңейту;Көркем әдебиетке деген қызығушылығын,сөздік қорларын дамыту,ертегі кейіпкерлерін сахналандыру,достыққа,татулыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,сахналау,суретпен жұмыс.
Шаттық шеңбері: Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. Жоғары қарап тау көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға,солға иіліп, Егеменді ел көрдім. Негізгі бөлім:Балалар,сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?(балалар:жақсы көреміз). Қандай ертегілерді білесіңдер? (балалардың жауабы). Ендеше ертегілерге понарама жасаймыз. «Үйшік», «жеті лақ», «Шалқан», «Үш аю».
Ал,балалар қараңдар ертегілер еліне. Қыдырып бірге барамыз, Оқиға болған жеріне.
Жолды қысқарту үшін сендермен ойын ойнайық. Ойын: «Ғажайып аңдар» деп аталады. Қазір мен тақтадағы суреттерді көрсетемін,қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып және қай ертегіде кездесетінін айтасыңдар. Ойын ойнап келе жатып сиқырлы үйшікті кездестіреміз.Балалар,қараңдаршы үйшіктің сыртында жұмбақтар жазып қойыпты.Шешуін тауыр көреміз бе?Мүмкін шешуін тапсақ сиқырлы есік ашылатын шығар. Балалар сиқырлы үйшікке таңқала қарайды,жұмбақтарды шешеді. 1.Өзі бір қу, Жүрген жері айқай шу.
2.Сұр түсті, Ақсиған көп тісті.
3.Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады.
4.Қалқиған ұзын құлақты, Елеңдеп қорқып тұрады.
- «Тыңда» деп балам,ертегі, Ертегі сыр шертеді. Ерте,ерте,ертеде... Ұйықтар кезде кім ертегі айтып береді?(әже) Иә,балалар,бұл қайсы ертегінің кейіпкерлері? «Бауырсақ» балалар ертегіні сомдайды. Қортынды:Балалар,сендер қайда бардыңдар? Біз ертегілер еліне саяхатқа бардық. Қай ертегіні сахналадыңдар? Бауырсақ ертегісін сахналадық. Ертегі де қандай кейіпкерлер кездесті? Түлкі,қоян,қасқыр,аю. Бауырсақты кім жеп қойды?(Түлкі.) Түлкі өте қу,айлакер аң. Балалар,сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.Сендерге үлкен рахмет.