12 Сәу 2022
Страницы ГККП «Дошкольная организация «Болашақ» ГУ «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»

Құжаттар


«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ-нің  «Болашақ» мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының мемлекеттік аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы бойынша кемшіліктер мен ескертулерді жою жұмыстарының анықтамасы 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ-нің  «Болашақ» мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жылдың 04 ақпан №17-12-04-6/100 қатынас хаты бойынша 2022 жылдың 1-4 ақпан аралығында жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым аттестатталмады. Жіберілген кемшіліктер мен ескертулерді жою туралы жоспар жасалып, комиссия құрылып сол негізде жұмыстар атқарылды.

1.Кемшілік:ҚР Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 мамырдағы №557 бұйрығының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жыл 12 мамырдағы №195 бұйрығымен өзгерістер болған талаптарына сәйкес:

2020-2021 оқу жоспары аудандық білім бөлімімен бекітілмеген.

Орындалуы: ҚР Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 мамырдағы №557 бұйрығының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жыл 12 мамырдағы №195 бұйрығымен өзгерістер болған талаптарына сәйкес:

2020-2021 оқу жоспары бекітіліп, ұсынылды.

2020 – 2021 оқу жылының оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес құрылған.

Типтік оқыту жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі ережелер 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген №182 05.05.2020 ж.) негізінде, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген №195 12.05.2020 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.08.2020 ж. №345 бұйрығы, «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымда тәрбие – білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар», сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік – нұсқау хаты» негізге алынып құрылды.

2.Кемшілік: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 2-тарауының 5-тармағы, 7-тармақшасы талабына сәйкес:

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбиешілердің жұмыс циклограммасы ұсынылмаған

Орындалуы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 2-тарауының 5-тармағы, 7-тармақшасы талабына сәйкес:

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбиешілердің жұмыс циклограммасы бекітіліп, ұсынылды.

3.Кемшілік: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген  ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 2- тарауының 5-тармағы, 8- тармақшасы талабына сәйкес:

«Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында жүргізілген іс-шаралардың жоспары ұсынылмаған

Орындалуы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген  ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 2- тарауының 5-тармағы, 8- тармақшасы талабына сәйкес:

«Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында жүргізілген іс-шаралардың жоспары жасақталып,бекітіліп, ұсынылды.

Балаларды тәрбиелеу жұмысының ерекшелігі- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру талап етіледі. Рухани жаңғыруда өзекті бағыттың бірі ұлттық сананы, дәстүрді , әдет-ғұрыпты, мәдениетті бала бойына сіңіру болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыруға жоспар бойынша шаралар ұйымдастырылды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпараттық бұрыш жасалды. «Мен өз елімнің патриотымын» ашық  тәрбие сағаты, «Туған өлкем – алтын бесігім» музыкалық іс шара өткізілді. Әр жыл сайын жоспарға сәйкес «Қазақы» бұрыш жаңартылды,. «Тәуелсіз елдің бақытты баласымыз», «Тұңғыш Президент күні», «Наурыз – жыл басы», «1-мамыр – Қазақстан халықтарының достық, бірлік мерекесі» ертеңгілік, тақырыптық сағаттары өткізіледі. «Қазақстан – менің туған өлкем» атты сурет көрмелері ұйымдастырылды.

4.Кемшілік: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 1-тарауының 2-тармағы, 8-тармақшасы талабына сәйкес:

Тәрбиеленушілердің балабақшаға келгеннен үйге қайтқанға дейінгі орындалуы тиіс күн тәртібін әр жас ерекшеліктерін ескере отырып құрып, бекітіп, ұсынылмаған.

Орындалуы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымша, 1-тарауының 2-тармағы, 8-тармақшасы талабына сәйкес:

Тәрбиеленушілердің балабақшаға келгеннен үйге қайтқанға дейінгі орындалуы тиіс күн тәртібін әр жас ерекшеліктерін ескере отырып құрып, бекітіп, ұсынылды.

5.Кемшілік: Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі» туралы Заңының талаптарына сәйкес: Педагогикалық құрамның сапалық динамикасын арттыру бойынша жұмыс жоспары ұсынылмаған.

Орындалуы: Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі» туралы Заңының талаптарына сәйкес: Педагогикалық құрамның сапалық динамикасын арттыру бойынша жұмыс жоспарын жасап, бекітіп, ұсынылды.

6.Кемшілік: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бқйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымшасының талаптарына сәйкес:

Педагогтар құрамы мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтер (тізім) базасын құру жұмыстары ұсынылмаған

Орындалуы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бқйрығымен бекітілген ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 №182 бұйрығымен өзгерістер болған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 1-қосымшасының талаптарына сәйкес:

Педагогтар құрамы мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтер (тізім) базасын құру жұмыстарын жасақтап, ұсынылды

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.